Жарыс басталар алдында қазақтың даңықты балуаны Дәулет Тұрлыхановті кездестіріп қалдық. Ол Парижге күрес түрлерінен сынға түсетін қазақ жігіттерін қолдауға келгенін атап өтті.
«Қазақ балуандарын қолдауға келіп отырмын. Міне, күрес түрлерінен балуандарымыз Париж Олимпиадасын бастайды. Бүгін грек-рим күресі мен әйелдер күресінен алғашқы белдесулер өтеді. Грек-рим күресінен екі балуанымыз — 60 келіде Айдос Сұлтанғали мен 130 келіде Әлімхан Сыздықов сынға түседі. Екеуіне де жеребеде мықты қарсыластар түсті. Екеуіде ең мықты деген балуандармен күреседі. Сәттілік тілеймін. Жеңіс – еңбек пен тердің арқасында келеді. Жігіттеріміз жанкүйерлерін қуантсын. Алға Қазақстан!» - деді даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов.
Париж Олимпиадасында бүгін, яғни 5 тамыз күні қазақстандық спортшылар стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі секілді 3 жарыс түрінен бақ сынауда.