YouTube-те жарияланған видеода спортшы Қазақстан астанасындағы кеңістікте өз шеберлігін көрсетеді. Ол Астана алаңдарында жаңа тәсілдер мен қозғалыстарды таныстырды.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Pro Team Astana» велокомандасы экстремалды жанрда түсірілген роликті жариялады. Онда команда мүшесі Витторио Брумотти велосипедпен қауіпті трюктер жасаған. Белгілі велоэкстремалшы Витторио Брумотти 2016 жылы «Pro Team Astana» велокомандасының мүшесі атанған. 36 жастағы италиялық Брумотти Гиннесс кітабында бірнеше мәрте рекорд орнатып, биік көпірлерде, баспалдақтарда өмірге қауіпті трюктер жасаған еді.