Аталған конвенция жұмыс үдерісінде қызметкерлерге асбесттің әсері болатын қызметтің барлық түрлерін қамтитын болады. Конвенция баптары бойынша ұлттық заңнамада немесе ережелерде асбестпен жұмыс істеу кезінде туындайтын денсаулыққа қауіпті әсері бар факторларға байланысты алдын алу, бақылау және қызметкерлерді қорғау үшін қабылдануға тиісті шараларды белгілеу көзделеді. Конвенцияда асбестің әсері болатын қызметті жүзеге асыру кезінде қорғану және профилактикалық шараларды, сондай-ақ өндірістік ортаны және қызметкерлер денсаулығының жай-күйін қадағалау тәртібі қарастырылады.
Асбест өндірілетін, құрамында асбест бар бұйымдарды шығаратын кәсіпорындар оның ыдысы мен бұйымдарын тиісінше таңбалауға жауапты болатындығы да қамтылып отыр. Ал әрбір жұмыс беруші өзінің кәсіпорнында жұмыс істейтін қызметкерлеріне асбесттің әсерінің алдын алу, бақылау және зиянды факторлардан қорғану шараларын әзірлеп, жүзеге асыруға жауапты болады.
Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.