«Қаралып отырған заң жобасын қабылдау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіріп, заманауи нормативтік-құқықтық база құруға, селекциялық және асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыстарын жүргізу тәсілдерін қайта реттеп, ауыл шаруашылығы малдарының генетикалық әлеуеті мен өнімділік көрсеткіштерін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Сонымен қатар, биоэтанолды пайдалану аясын кеңейту көзделген. Заң жобасы Сенат отырысында қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды», -деді сенатор Дүйсенғазы Мусин.
Осы орайда ол бұл құжат асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын сапалы жаңа деңгейге көтеруге, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға оң әсерін тигізетінін айтты.
Құжат агроөнеркәсіп кешенін әрі қарай жаңғыртуға және цифрландыруға, асыл тұқымды мал шаруашылығындағы тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, биоэтанолды пайдалану саласын кеңейтуге және осы бағыттағы тағы басқа басымдықтарды жетілдіруге арналған.