Парламент қабылдаған заңның негізгі жаңалығы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалануға бағытталған. Мұндай тұрақтандыру қорларын құру қажеттігі азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне бағаның маусымаралық кезеңде ауытқуларға ұшырайтындығына байланысты болып табылады.
Сондай-ақ, заңға сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің баға мен сапаға қарай таңдау жасауы үшін қай елден шыққанына қарамастан гербициттердің барлық түрлерін субсидиялау ұсынылады. Сондай-ақ, өсімдіктерді қорғаудың жаңа инновациялық-биологиялық тәсілдерін де субсидиялау қарастырылады.
Жалпы алғанда заң нормасы алыс шетелден ауыл шаруашылығына арналған техниканы әкелу кезінде туындайтын проблемаларды да шешуге бағытталады.
Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.