Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісім хатты ратификациялау туралы» заңы қабылданды.
Келісім хатта «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» жолының жаңа учаскесін іске қосуға қатысты өзгерістер енгізіліп отыр. Бұл ретте «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» автомобиль жолын қайта жаңарту республикалық бюджеттен қоса қаржыландырыла отырып, ХҚҚДБ беретін үнемделген қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтың айтуынша, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысындағы осы жоба аясындағы жолдарды жөндеуде біршама қаражат үнемделген. Үнемделген қаражатты республикалық бюджеттік комиссиясы қайта бөлу туралы шешім қабылдаған. Жобасы іске асыру мерзімі 2013-2015 жылдарды құрайды.
Жалпы сомасы 360,2 млн. долларды, оның ішінде ХҚҚДБ заемы 360,1 млн. долларды құрайтын болады. Республикалық бюджеттен қарызды қоса қаржыландыру 54,1 млн. долларды құрайды.