Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құжаттың мақсаты шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар, Байқоңыр қаласының аумағында жұмыс істейтін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ҚР банктері мен заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік реттеу болып табылады.
Хаттамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар банктер мен заңды тұлғалардың қызметі Қазақстанның заңнамасына сәйкес реттеледі. Бұлардың қызметін қадағалауды Қазақстанның уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Хаттамаға 2009 жылғы мамырдың 21-інде Астана қаласында қол қойылған.