Жалпы отырысты ашқан Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ең алдымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін жіберу туралы ұсыныстары қаралатындығын мәлім етті.
«Құрметті әріптестер! ҚР Конституциясының 53-бабы 5-тармақшасына сәйкес Президент ұсынысы бойынша Парламент халықаралық міндеттемелерін орындау үшін республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды», - деп атап өтті.
Елбасы ұсынысын ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жариялап жатыр.