Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы ретте айта кететін мәселе, Парламент депутаттары заң шығару үдерісін кідіртпестен өңірлерге шығып, сайлаушыларымен тығыз байланыс жасап отырды. Өздерінің заң шығару қызметі туралы ел алдында ұдайы есеп беріп, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтардың пікірлерін саралады. Жұртшылыққа Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді», - деді Мәжіліс спикері.