деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш құжат Парламент депутаттарының заңнамалық бастама жасауы тәртібімен әзірленген. Отырыста бойынша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Аманқос Өтегеновтың
айтуынша, заң жобасының мақсаты Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өздері тұратын үйлерді жеке меншіктеріне алуларына, сондай-ақ олардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқық беру болып табылады. Сондай-ақ құжат тұрғын үйі еліміздің аумағында орналасқан бірақ апатты деп табылған ардагерлерге де тұрғын үй беру мәселелерін реттейді. Отырыста заң жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.