Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң журналистердің сауалдарына жауап берген Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ал депутаттың каникул кезінде немен айналысатындығын білгісі келген журналистке ол: «мен жазушы, журналист - депутат болған соң осы уақытты пайдаланып, бұрын бастап аяқтай алмай жүрген дүниелеріммен айналысамын. Әзірге ешқандай да шет елге немесе демалыс орындарына барам деген ойым жоқ», деп жауап қатты.