Қалалық ардагерлер кеңесінің, Қалалық қоғамдық кеңес, Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері еңбек ұжымының қолдаухаттары бойынша Павлодар қаласының мәслихаты Әбдікәрім Қадырұлына «Павлодар қаласының Құрметті азаматы»атағын берген.
1956 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітіргеннен бастап, Әбдікәрім аға Павлодар облысының денсаулық сақтау саласында 54 жыл еңбек кетті. Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, Еңбек Қызыл Ту орденінің кавалері, КСРО денсаулық сақтау саласының үздігі болып табылады, кеңестік, республикалық және жергілікті билік органдарының медальдарымен, мақтау және алғыс хаттарымен марапатталған.
Қай қызметте болмасын Ә. Қадыров өзін жоғары білікті маман, жақсы ұйымдастырушы, өз елінің нағыз патриоты ретінде көрсете білді. Бірнеше жас дәрігерлер буынының тәлімгері болып табылады.
Зайыбы Рүстемова Кульзиямен шынайы отбасылық құндылықтар және қазақ халық педагогикасын терең құрметтеу негізінде олар 4 бала, 8 немере тәрбиелеген, ал қазіргі уақытта 19 шөберенің тәрбиесіне де атсалысуда.
Мәжіліс депутаты Н.К. Әшімбетов Әбдікәрім Қадыровке Павлодар қаласының Құрметті азаматы төсбелгісі мен куәлігін тапсырды.