Құжат энергия тиімділігін арттыру тетігін одан әрі жетілдіру және өндіріс секторы мен энергия ресурстарын тұтыну саласында озық энергиялық тиімді технологияларды қолдану мақсатында әзірленген. Тоқтала кететін жайт, 2012 жылы елімізде энергия үнемдеу мен энергия тиімділігіне қатысты жаңа заң қабылданған болатын. Соның нәтижесінде энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Қазіргі таңда мемлекеттік энергетикалық реестр құрылды, оған 4 мыңнан астам ұйымдар енсе, 60 энергия-аудиторлық компания аккредиттелген. Сонымен бір мезгілде энергия үнемдеу шараларын қаржыландыру бағытында белгілі бір қиыншылықтар орын алуда. Осыған байланысты, заң жобасы энергия-сервистік компаниялардың қызметін жүзеге асыру үшін заңнамалық негіз қалыптастырылады.
Тұтастай алғанда, Парламент қабылдаған заң энергия-сервистік компанияның өз шығындарының орнын толтыра отырып, тартылған қаражаты есебінен энергияны үнемдеу технологияларын енгізу жөнінде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасауға мүмкіндік береді. Ал оның нәтижесінде энергия шығындарының қол жеткізілетін үнемделуінен қаржылай пайда алу көзделеді. Сенаторлар энергия менеджмент жүйесін құру, енгізу мен ұйымдастыруға міндеттемелер белгілеу мен бақылау жасау нормаларын алып тастауды ұсынған болатын.