Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартқа 2011 жылғы 18 қарашада Мәскеу қаласында қол қойылған. Ондағы мақсат аталған комиссияны Кеден одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістіктің тұрақты жұмысты істейтін реттеуші органы ретінде құру болып табылады. Комиссияның негізгі міндеті Кеден одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі мен дамуына жағдай жасауды қамтамасыз ету және осы аядағы экономикалық ықпалдастық саласында жұмыстар әзірлеу болып отыр. Бұр ретте Еуразиялық экономикалық комиссияның екі деңгейлік құрылымы болады, оның бірі комиссия кеңесі болса, екіншісі комиссия алқасы. Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
11:07, 21 Желтоқсан 2011
Парламент Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартты қабылдады
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат / Қанат Мәметқазыұлы / - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартты ратификация туралы» ҚР Заңын қабылдады.