Парламент қабылдаған заң Елбасының өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізу үшін нақты Конституциялық негіз болып табылады - О. Мұхамеджанов
12:38, 14 Қаңтар 2011
АНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Парламент қабылдаған заң Елбасының өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізу үшін нақты Конституциялық негіз болып табылады.
Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейін Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлімдеді.
«Біз шын мәнінде тарихи заң қабылдадық. Бұл бүгінгі Елбасы Н. Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізу үшін нақты Конституциялық негіз болып табылмақ. Осылайша, республикалық референдумды өткізуді қолдаған 5 млн. астам қазақстандықтардың ерек-жігерін іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер қамтамасыз етілетін болады»,- деген О. Мұхамеджанов, игі іске арқау болған барша қазақстандықтарға алғысын жеткізді.