Парламент Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді қабылдады
Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
Екі ел арасындағы келісімнің басты мақсаты Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін реттеу болып табылады.
Келісім шарттары бойынша елімізге мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу кезінде туындайтын әрі Ресей Федерациясының бюджетіне түспейтін кірістерді өтеу үшін еліміздің аумағынан кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерге мұнай өнімдерін экспорттауды жүзеге асыруға байланысты сомаларды Ресей бюджетіне Қазақстанның есептеуі мен төлеу тәртібі айқындалады.
Бұдан бөлек, келісімге сәйкес Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін екі мемлекеттің аумақтарында мұнай және мұнай өнімдерінің бекітілген индикативтік балансының параметрлерімен айқындалатын көлемде Қазақстанға мұнай өнімдерін жеткізу үшін жағдайлар жасалатын болады.