Кеден одағының кеден кодексінде одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық кеден заңнамасына 182 сілтеме нормалар көзделеді. Осыған орай, «Казақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодекс жобасы аталған сілтеме нормаларды егжей-тегжейлі нақтылауды, сондай-ақ кеден одағының кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімнің тиісті ережелерін қосуды ескере отырып, кеден одағының кеден заңнамасының нормаларын қайталау жолымен әзірленіп отыр.
Осылайша, аталған Кодекс кеден ісі саласындағы кеден заңнамасымен реттелмеген құқықтық қатынастарды реттейтін болады. Сондықтан да, құжат бойынша кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан шығатын тауарларды, сондай-ақ үшінші елдерден әкелінетін және белгіленген тәртіппен кеден одағының тауарлары мәртебесін алған тауарларды кедендік рәсімдеу мен кедендік алып тастау шаралары көзделеді. Бұдан бөлек заң аясында арнайы жеңілдіктерді пайдаланатын уәкілетті экономикалық оператор институтын енгізу жұмыстары қарастырылып, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүргізу негіздері мен тәсілдері қамтылады.
Енді аталған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.