Қазақстан, Ресей, Беларус елдері арасындағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға қатысты қабылданған осы құжаттар енді Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заңның алғашқысы еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салу немесе шектеу қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген үшінші елдермен саудадағы тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар беруді көздейді. Бірыңғай тізбені реттеу шараларын қолдану туралы шешімдерді өзіне өкілеттіктер берілген күннен бастап кеден хатшылығының комиссиясы бекітетін болады.
Ал екінші келісім кеден аумағында үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын, тараптар мемлекеттерінің ұлттық мүдделеріне сүйене отырып енгізілетін жұмыстарды айқындайды. Сонымен бірге, бұл бағытта тауарлардың сыртқы саудасына тыйым салу мен шектеулердің айрықша түрлерін енгізу және қолдану тәртібі қарастырылады.
Аталған екі келісімге Мәскеу қаласында ағымдағы жылдың маусымында қол қойылған.