тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Заң жобасына негіз болған Хаттамаға Кеден одағына қатысушы елдер 2011 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде қол қойған. Құжат дипломатиялық өкілдіктің персонал мүшелерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесі қызметкерлерінің және соларға теңестірілген халықаралық ұйымдар органдарының және миссия өкілдерінің, сондай-ақ өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке пайдалануына арналған тауарларға қатысты кедендік баждар мен салықтар төлеу талап етілмейтін қосымша жағдайларды белгілейді. Бұндай өзгерістер мәдени, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға, спорттық жарыстар өткізуге, дүлей зілзалалардың, апаттардың салдарын жоюға арналған тауарларға қатысты болады.
«Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету қаржылық кепілдік болып табылады және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару тәуекелдерін азайту үшін кеден органдары қолданады. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету транзит кезінде шекарадағы бір кеден органынан ішкі транзит кезінде кеден аумағынан алыс жерде орналасқан немесе транзит кезінде басқа кеден органына дейін тауарларды жеткізу кезінде кепіл ретінде қолданылады», - деді Қаржы министрі Болат Жәмішев.
Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.