деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің экономикамыз үшін 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап күшіне енетін Кедендік одақ үлкен мүмкіндіктер қалыптастырады. Қазақстан, Ресей, Беларус елдері арасындағы келісім бойынша құрылатын Кедендік одақ еліміздің ықпалдастық бастамаларын тәжірибеде жүзеге асыру үшін маңызды қадам болып табылады. Сондықтан да депутаттар ортақ Кедендік кеңістікті заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жалғастыруы тиіс. Мұның ішінде үш елдің Кеден кодексі бойынша құжаттарды ратификациялау үдерісі де жүргізіледі», деді Н. Назарбаев.