Парламент қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды тәркілеу туралы конвенцияға енгізілген өзгерістерді қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою жәні тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Еске сала кетейік, Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою жәні тәркілеу туралы конвенцияны Қазақстан 2011 жылдың 2 мамырында қабылдаған болатын. Ал оған жасалатын өзгерістер негізінен негізінен ескертулердің жаңа редакцияда жазылуына қатысты болып табылады.

«Осы конвенцияға қосылу Қазақстанның құқық қорғау органдарына келісімге қатысушы басқа мемлекеттердің құзыретті органдарымен қылмыстық жолмен алынған кірістердің алдын алуға, оларды тәркілеуге қатысты ынтымақтастықты дамытуға негіз болады. Бұдан бөлек, күмән келтіретін мәмілелер мен келісімдерге қосымша бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруды, қаржы ағынының ашықтығын қамтамасыз етеді, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетеді», - деді ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин.