Мұндай шара коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты елде төтенше жағдайдың енгізілуіне қатысты қабылданды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Парламент Мәжілісі ғимаратында парламенттік іс-шараларға қатысушылар мен келушілер, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізілді.
Мәжілістің барлық шаралары (жұмыс топтары, бейінді комитеттердің отырыстары, «үкімет сағаттары», жалпы отырыстар) Палатаның ресми www.parlam.kz веб-сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. Сондай-ақ Мәжілістің сайтында өткен шаралар туралы қысқаша мәліметтер мен суреттер жедел түрде жарияланады.
Сонымен қатар, барлық қажетті ақпаратты баспасөз қызметінен: 74-63-04, 74-63-05, 74-68-44 телефондары арқылы алуға болады.