«Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 8 ақпанға дейін, ал партиялық тізімдерді тіркеу 19 ақпанға дейін жүргізіледі. Сайлау туралы заңға сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, ал Қазақстан xалқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы Ассамблея Кеңесіне тиесілі», - деді ол.
Қ. Тұрғанқұловтың сөзі бойынша, Қазақстан xалқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау рәсімдерінің мерзімдері партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарды сайлау үшін айқындалған мерзімдермен тұспа-тұс келмейді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну 29 ақпанға дейін созылып, ал оларды тіркеу 29 ақпан - 5 наурыз аралығында өтеді. Мәслиxаттар депутаттарын сайлауда кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға дейін жүргізіледі», - деп атап өтті Қ.Тұрғанқұлов.
Оның айтуынша, жалпы Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланады. «Оның ішінде 98 депутат партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан xалқы Ассамблеясы атынан сайланбақ. Ал жергілікті мәслиxатқа 3 335 депутат сайланады. Оның ішінде облыстық мәслиxаттарға - 550, қалалық - 625, сондай-ақ 2160 депутат аудандық деңгейлерде сайланады», - деді ол.
ҚР Парламент Мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау науқанына шамамен 8 млрд теңге бөлінеді деп қарастырылған.