Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Мәлім етті.
«Ішкі істер органдары 10 мен 20 қаңтар аралығында Парламент сайлауына дайындық және оларды өткізу кезеңінде құқықтық тәртіпті әрі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды», - деді Н. Ораз.
Оның атап өткеніндей, «Рубеж» жол полициясы бекеттерінің нарядтары күшейтілді. Қару, басқа да тыйым салынған заттарды анықтау үшін автокөліктерді тексеру жандандырыла түсті. Қоғамдық тәртіпті қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді. Патрульдік нарядтар саны көбейтілді.