Парламент Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетуді қабылдады

АНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында

«1992 жылғы 23-25 қарашада Копенгагенде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетуді және 1997 жылғы 15-17 қыркүйекте Монреальда қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетуді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

Қазақстан Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына сондай-ақ Озон қабатын бұзатын заттар Монреаль хаттамасына 1997 жылы қосылған болатын. Құжатқа сәйкес 1992 жылғы қарашада Копенгагенде қабылданған Монреаль хаттамасының түзетуі гидрохлорфторкөміртегілерінің және гидробромфторкөміртегілерінің қосымша тізімін және бормды метилді реттеу шараларын қамтиды. Ал, 1997 жылғы қыркүйектегі түзету бойынша Озон қабатын бұзатын заттардың импорты мен экспортын лицензиялау жүйелерін орнатуға қойылатын талаптарды қамтиды. Түзетудің ережесі бойынша бұған қосылмайтын елдерге бромит метилінің импорты мен экспортына саудалық тыйым салу көзделеді.