Парламент палаталарының бірлескен отырысы 20 наурызда өтеді

Фото: Мәжіліс

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

— Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, — деп жазылған өкім мәтінінде.

Айта кетелік бүгін Ерлан Қошанов депутаттық корпусқа алғыс айтқан еді