Күн тәртібіне сәйкес, Парламент «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Конституциялық Кеңес төрағасының баяндамасын тыңдауға кірісті. Бұдан бөлек, палата депутаттары Парламент Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайтын болады.
Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысуда. Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері де бар.
Еске сала кетейік, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бұған дейін палаталарда жеке-жеке талқыланған болатын. Мәліметтерге сәйкес, есепті кезеңде бюджет қаржысының 42,9 миллиард теңгесі игерілмей қалған.