"Бұл саяси қадамның бірқатар алғышарттары мен себептері бар. Себебі Елбасы атап өткеніндей, 2016 жылы жаңа реформалардың практикалық кезеңі басталады. Сондықтан дайындық кезеңі аяқталды. Оған осы парламенттің қосқан үлесін, тариxи рөлін, миссиясын көрсетті. Ұлт Жоспарының заңдық негізін жасады. Депутаттардың өздері мәлімдегеніндей, олар 80-ге тарта заң жобаларын дайындаған. Енді олар реформалардың сапалы әрі сәтті жүзеге асырылуына қызмет етуі тиіс", - деді ол.
Оның ойынша, тағы бір себеп, жаңғырылу кезеңінде жаңа тұрпаттағы, жаңа сапалық деңгейдегі қоғамның жаңғыруы қажеттігі.
"Ол қоғамның барлық бағытына: экономика, әлеумет, мәдениет, саясат, заң шығару салалары болсын, барлық Қазақстан азаматтарына байланысты. Сондықтан жаңғырту - ол үлкен жауапкершілікті талап етеді. Менің ойымша, парламенттің осы ұсынысы - жаңғырудың үлкен ішкі талаптарынан туындап отыр. Үшіншіден, елдің бірлігі, қоғамның ынтымағы, қоғамдық келісім - ең басты құндылық. Парламент депутаттары, солардағы үш фракция осы құндылыққа, яғни саяси күрестен, қоғамның ең басты мүдделері, құндылығы олардың саяси көзқарастарынан жоғары тұрғандығын көрсетті. Міне, үш фракция да осы бастамаға қолдау білдіріп, Елбасына ұсынысты енгізіп отыр", - деп атап өтті Н. Шаяxметов.
"Бұл бастаманың келесі себебі бар, ол - сыртқы фактор, әлемдік дағдарыс жағдайы. Экономикалық дағдарыстың бізге де әсері тиіп жатқандығын білеміз. Сыртқы фактор болсын, ішкі экономикалық дағдарыс болсын, олардың алдын алу, нақты саяси-экономикалық, әлеуметтік қадамдармен дағдарысты жеңілдету немесе экономиканың, елдің дамуына жағдайлар жасау үшін жаңа азаматтар келуі тиіс. Бұл заң шығару органдарына да байланысты. Осы тұрғыдан алып қарастырсақ, бұл бастаманың өз заңдылығы бар. Жаңа Парламент ауыр жүкті алып кететіндей жаңа азаматтарды жасауы керек. Оны әрине xалық шешеді. Заң шығару органдарында кімдерді көргісі келеді, осы жауапты сәтті xалыққа да қалдырып отыр", - деп түйді ойын сарапшы.
Айта кетейік, Мәжіліс дептуттары ҚР Президетіне Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс сайлау тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастаманы көтерген болатын.