деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органдар құзіреттерінің аражігін ашу және бюджет процестерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттер туралы» заң жобалары Қаржы және бюджет комитетіне берілді.
Сондай-ақ бюро отырысында биылғы 20 қазанда болатын Сенаттың кезекті жалпы отырысының күн тәртібі қаралды.
Атап айтқанда, отырыста «2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарау жоспарланып отыр.
Депутаттар талқылауына «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да ұсынылады.