Парламент Сенатының бюросы палатаның кезекті күн тәртібін келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Бюросы Палатаның 21 сәуірде өткізілетін отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша келісті, деп хабарлады Сенаттыңғ баспасөз қызметі.

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қазақстан Республикасында кеңселер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын және Сенат депутаты Лаззат Тұрлашовтың Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігін тоқтату туралы мәселені қарайды.

Көрсетілген заң жобаларын отырысқа  қаржы және бюджет комитеті әзірлейді.