Парламент «ШЫҰ-ның терроризмге қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» Заңды қабылдады

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сенаторлар «ШЫҰ-ның терроризмге қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Отырыста осы құжат бойынша баяндама жасаған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Жанат Жарасовтың айтуынша, конвенцияның мақсаты - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризммен және оның қауіптеріне қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттырып, өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Конвенцияда терроризмнің әлеуметтік саяси ұғымы бекітіліп, оның қолдану саласы айқындалған.

Сондай-ақ, онда егемендікті қорғау туралы нормалар бекітіліп, терроризмнің алдын алу жөніндегі мемлекеттік іс-шаралардың тізбесі берілген. Бұған қоса онда заңды тұлғалар терроризмге қатысты болған жағдайларда оларға құқықтық көмек беру негіздері мен тәртібі және жауапкершілік түрлері айқындалған.

Конвенция 2009 жылдың 16 маусымында Екатеринбург қаласында жасалған.