АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Парламент үшінші сессия барысында Кәсіподақ туралы жаңа заң қабылдауы керек. Бұл туралы бүгін бесінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Әлеуметтік жаңғырту, еңбек қарым-қатынастары мәдениетінің артуын талап етеді», - деген Мемлекет басшысы Парламент қазақстандық кәсіподақ қозғалыстарының жаңғырту ісін нақты қолға алу керектігін баса айтты.
«Үшінші сессия жұмысы барысында таяу аралықта Үкімет енгізетін Кәсіподақ туралы жаңа заңды қабылдау керек», - деді Н. Назарбаев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.