Заң жобасы бойынша негізінен қолданыстағы үш кодекске және он заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Мәселен, «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» заңға өзгерту қарастырылған. Ол бойынша жарақаттайтын қаруды азаматтық айналымнан алу және оны қызметтік қарудың қатарына ауыстыру көзделеді. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары да көзделеді.
«Сенат тарапынан тоғыз түзету енгізілді. Олардың ішінде ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне қарсы, сонымен бірге, терроризм және экстремизммен байланысты қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Бұдан бөлек, бірқатар түзетулер редакциялық нақтылау сипатына ие», - деді Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.