Аталған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, құжат ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы Жарлығын орындау мақсатында әзірленген. Заңға сәйкес Жоғарғы сот Кеңесіне Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы негізінде Жоғарғы соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы қызметіне кандидатты тағайындауға және оны қызметтен босатуға келісім беру туралы мәселені қарау жөніндегі өкілеттіктер көзделеді. Бұдан бөлек, облыстық және оған теңестірілген соттың судьялары, сот алқасы төрағасы, сондай-ақ Жоғарғы сот судьясы қызметіне кандидаттар үшін облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысының болуы туралы талапты заңнамалық деңгейде регламенттеу ұсынылады.