Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, Иран мен Еуразияны зерделеу орталығының директоры Мехди Санаи мырзамен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астанада өткен «Рухани мәдениет - әлемді жаңартудың кілті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан Иран депутаты өз ойларымен бөлісті.
«Қазақстанға тағы да келіп, үлкен әсер алып тұрмын. Бұрын бұл қалада екі рет болған едім. Ол кезде Ақмола деп аталған-ды. Қазір Астанадан мемлекеттің қарқынды дамуын көріп тұрмын», - деді Мехди Санаи мырза.
Тараптар кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты дамыту, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты және әлеуметтік-гуманитарлық саладағы байланысты өрістету жайы сөз болды.