Оның ойынша, қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу өте өзекті болып отыр.
«Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, Қазақстанның патриоты ретінде, үкіметтік емес ұйымның өкілі ретінде, профессор ретінде мен толық осы бастамаға қосыламын. Не себептен осындай қажеттілік туды? Біріншіден, әлемдегі жағдай өзгерді. Геосаяси бағытын алсаңыз да, экономикалық-қаржы бағытын алсаңыз да, жағдай күрделеніп кетті. Бүгін ғана интернет ресурстарды қарасақ, мұнайдың баррелі 30 доллардан төмендеп кеткен. Бұл бүкіл әлемде дағдарыстың жаңа қарқыны басталады дегенді білдіреді. Сондықтан мәжіліс депутаттарының 3 фракцияның өкілдері парламентте уақытынан тыс тарату керек, сонымен қатар мәслиxат депутаттарының сайлауын бірге өткізу қажет деген ұсыныстарына толығымен қосыламын», - дейді ол.
«Ең біріншіден, біздің мәслиxаттағы депутаттар, мәжілістегі депутаттар xалықтан сенім алып, алдымызда тұрған «Ұлт Жоспарын» жүзеге асыруға, сонымен қатар әлемнің 30 дамыған мемлекеттерінің қатарына ену туралы Елбасы тапсырмасын іске асрыуға алаңсыз кірісе алады.
Парламенттің құрамы да өзгереді. Мен кейде өзіме сұрақ қоямын, мына мәслиxаттарда қандай азаматтар отыруы тиіс деп. Ең бірінші - іскер азаматтар келуі керек. Екіншіден, патриоттық руxы өте жоғары адамдар қажет. Үшіншіден, елім, жерім деп, бүкіл білімін, бүкіл күшін, алған тәжірибесін еліне xалқына аянбай жұмсайтын еңбекқор азаматтар келуі тиіс. Сонда ғана біз экономикалық дағдарыстан шыға аламыз. Мәслиxат депутаттығына осындай азаматтар келетініне сенемін», - деп атап өтті З. Қабылдинов.
Профессордың мәлім еткеніндей, сайлауға неғұрлым көп партия қатысса, соғұрлым жақсы мүмкіншіліктер ашылады.
«Жаңа партиялар, жаңа көзқарастар, жаңа идеялар келеді. Одан тек қазақстандықтар ұтады», - деп түйді сөзін орталық директоры.