Сапардың мақсаты - «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын талқылау.
Көшпелі отырыс барысында депутаттар бірқатар шаруашылық нысандарында болады деп күтілуде. Сонымен қатар 2 маусым күні облыстық әкімдікте Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтеді деп жоспарланған. Осы жерде мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуымен аталған заң жобасы талқыға салынады.
Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымның бірінші сессиясына арналған негізгі іс-шаралар жоспарына және Палата Бюросының үстіміздегі жылғы 24 мамырдағы шешіміне сәйкес өткізіліп отыр.