Парламентшілер Тәжікстан Маджлисинің сайлауына және Украинадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңіне қатысуы көзделуде

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында қазақстандық парламентшілердің Тәжікстан Маджлисинің сайлауына және Украинадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңіне қатысуы туралы мәселе сөз болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бюро отырысында Мәжіліс депутаттарының ақпанның 26-сы мен наурыздың 1-і аралығында Тәжікстан Республикасы Маджлисинің сайлауына, сондай-ақ ақпанның 5-і мен 8-і күндері Украинадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңіне дайындық пен оны өткізу барысын байқау үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясынан байқаушылар миссиясына қатысу туралы мәселе қаралды.

Сол секілді Украинадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңіне дайындық пен оны өткізу барысын байқау үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар миссиясына қатысу туралы да мәселе қаралды.