Парламентте Сергей Дьяченконы еске алу шарасы өтті
Естеріңізге сала кетейік, ұзаққа созылған ауыр сырқатынан кейін 2016 жылы 26 қазанда көрнекті қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко өмірден озды. Оның сүйегі Ұлттық пантеон аумағында жерленді.
Осы орайда Сергей Дьяченконың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды дамытуға сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар Н. Нығматулин өз сөзінде Сергей Александровичке арналған «Отан мен халыққа арналған ғұмыр» атты кітап шығарылғанын жеткізді.
«Кітаптың атауы оның өмірлік ұстанымына сай келіп тұр. Кітапта оның жақын достары естеліктерін жазып, бірге өткерген жылдар жайында баяндайды. Осының барлығын оқыған кезде оның көп қырлы тұлғалығын, адамгершілік үлкен қасиетін еске аласың», - деді Мәжіліс Төрағасы.
Өз кезегінде Сергей Дьяченконың зайыбы Лидия Борисовна көрсетілген құрмет үшін Елбасына, Парламент депутаттарына үлкен алғысын жеткізді.
Айта кетейік, еске алу шарасына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Сергей Александровичтің туған-туысқандары мен отбасы мүшелері қатысты.