Парламентте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында әскери нысандарды орналастыру қаралады

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгінгі дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Парламенттің жұмыс аптасы жайында айтып берді.

«16 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілік іс-қимылын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау бойынша, cондай-ақ ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында әскери инфрақұрылым нысандарын орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау жөнінде бірқатар заң жобалары қаралады. Сонымен қатар 15 қаңтардағы пленарлық отырыста Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазақстан-Вьетнам үкіметаралық инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы техниканы жеткізу туралы келісімді ратификациялау бойынша мәслелерді қарастырады.