Парламентті тарату мәселесі талқыланып жатқан жоқ – Ерлан Қошанов
13:44, 27 Сәуір 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов баспасөз алаңда БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып, Парламентті тарату мәселесі талқыланып жатпағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әзірге ондай мәселе талқыланып жатқан жоқ. Бірақ мен Президент саяси реформаларды жариялағанын айта аламын. Біз тиісті конституциялық және өзге де заңдарды жыл соңына дейін қабылдауымыз керек. Әзірге ондай мәселені талқылаған жоқпыз», - деді Мәжіліс төрағасы,
Мәжіліс спикері өзі төрағалық ететін «Amanat» партиясының саяси науқандарға дайын екенін де айтты.
«Кез келген партия саяси күреске дайын жүруі керек. Ертең сайлау жарияланса, әрине, біздің партия дайын», - деді Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ, ол «Amanat» партиясының атынан президент сайлауына түсу туралы жоспары жоқ екенін айтты.