«Парламенттік форум ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясына 25 жыл толуына арналады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алдағы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, форумға халықаралық Парламент өкілдерінің қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері парламенттік форумға дайындық мәселелерін, оның ішінде шетел парламенттері делегацияларының қатысуын растау мәселелерін талқылады», - делінген Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінде.
Бүгінгі таңда форумға 51 елдің делегациясының келетіндігі расталған. Мұнымен қоса, 16-ға жуық халықаралық ұйымның қатысуы күтілуде.