Жаға жыртысқа судьялар мен прокурорларға бақылауды күшейту туралы жаңа заң жобасы түрткі болды. Құжатқа қарсы шыққан сот қызметкерлері қауымдастығының өкілі қызбалыққа салынып, ұрысты бірінші болып бастаған. Осы кезде депутаттардың бірі үстел үстіне шығып алып қарсыластарын тебе бастайды. Басқа да халық қалаулылары қарап қалмай бір-біріне бөтелкелер лақтырып, ғимараттың астан-кестеңін шығарған.
Айта кетейік, жуырда құқық қорғаушылар жоғары лауазымды 50 шенеунікті қамауға алғаннан кейін елдің премьер-министрі жаңа заң дайындаған болатын, деп хабарлайды 24.kz.