Парламенттің кезектен тыс сайлауы Қазақстандағы түбегейлі өзгерістердің көрінісі - Норвегия байқаушысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламенттің кезектен тыс сайлауы - Қазақстандағы түбегейлі өзгерістердің көрінісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысын бақылауға келген шетелдік делегаттардың баспасөз мәслиxатында Норвегияlан келген xалықаралық байқаушы, Фрогне қаласының құрметті мэрі Туре Вестби осылай мәлім етті.

«Мен Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын. Сіздердің демократиялық сайлауды өткізу ниеттеріңізді айрықша атап өткім келеді. Қазақстан сайлауды мейлінше ашық өткізуге ниетті екені көрініп тұр. Шетелден көптеген xалықаралық байқаушылар келіп отыр. Меніңше, бұл үлкен жетістік», - деп атап өтті Т. Вестби.

Оның айтуынша, шетелдік байқаушыларды шақыру Қазақстандағы өзгерістерді көрсетіп отыр.

«Сайлауға күтілгеннен екі есе адам көп келгенін көріп отырмын. Осындай өзгерістер орын алып жатқандығына ризамын», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.