Бүгін ҚР Парламентінің бесінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуы барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
«Біріншіден, Қазақстан барынша қарқынды дамып келеді. Ішкі жалпы өнім өсімі 5,6 пайыз болды. Мемлекеттік бюджет түсімі 25 пайызға өсті. Еліміздің халықаралық қоры 15 пайызға өсіп, 83 млрд. доллардан асты», - деді Елбасы.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Өнімділік 2020» бағдарламасының тиімді жүзеге асып отырғанына да назар аударды.
Президенттің айтуынша, еліміздің өңдеу өнеркәсібінің өнімділігі 1,5 мың долларға артып, 25 мың долларға жетті. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы, оның ішінде балық және орман шаруашылығына құйған инвестиция 56 пайызға артқан. Қолдағы өндіріс орындарының да бірқатары жаңғыртылып жатыр.