Монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында шығарылды. Оларды 2026 жылғы 10 шілдеден бастап Ұлттық банктің kazcoins интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
– Монетаны дайындау барысында алтын жалату технологиясы қолданылған. Оның массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Коллекциялық монетаның жалпы таралымы 1000 дананы құрайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ермек Серкебаевқа арналған коллекциялық монета айналысқа шығатыны хабарланды.