Пародист Аманғали Сыпабеков үйленді
07:20, 22 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзіл-сықақшы, пародист Аманғали Сыпабеков үйленді.
Бұл туралы Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшаларында «Әзіл әлемі» театрының әртісі А.Сыпабековтың әріптес-достары жазуда.
Олар желіде әртістің Махаббат есімді болашақ жарын ұзату тойынан фото және видеолармен бөлісуде. Той Тараз қаласында өткен.
«Әзіл әлеміне келін түсіп жатыр. Марал қош келдің біздің ортаға!», - деп жазды Инстаграмға театрдың тағы бір әртісі Қанат Әлжаппаров.
Өз кезегінде Қайрат Әділгерей де: «Аманғали-Марал, бақытты болыңдар!», - деп құттықтады.
Той басталды ағайын Аманғали Марал. #братан_жүректегі_кратан 👏👏👏💏💏👍👍👍 @amangali.bazarzhok
Видео опубликовано @alzhapbarov Ноя 21 2016 в 6:55 PST