Пародист Аманғали Сыпабеков үйленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзіл-сықақшы, пародист Аманғали Сыпабеков үйленді.

Бұл туралы Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшаларында «Әзіл әлемі» театрының әртісі А.Сыпабековтың әріптес-достары жазуда.

Олар желіде әртістің Махаббат есімді болашақ жарын ұзату тойынан фото және видеолармен бөлісуде. Той Тараз қаласында өткен.

«Әзіл әлеміне келін түсіп жатыр. Марал қош келдің біздің ортаға!», - деп жазды Инстаграмға театрдың тағы бір әртісі Қанат Әлжаппаров.

Өз кезегінде Қайрат Әділгерей де: «Аманғали-Марал, бақытты болыңдар!», - деп құттықтады.