Парсы шығанағындағы жайттан кейін мұнай бағасы көтерілді

АЛМАТЫ.KAZINFORM - Бейсенбі күні әлемдік нарықта мұнай бағасы өсіп жатыр.

Фото: Kazinform/ЖИ

Oilprice.com мәліметінше, Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 95,10 долларға дейін қымбаттады. Баға 0,49 долларға немесе 0,52%-ға өскен.

WTI маркалы мұнай барреліне 84,26 доллар болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,58 долларға немесе 0,69%-ға жоғары.

Ал Urals маркалы мұнайдың бағасы 2,18 долларға немесе 3,16%-ға өсіп, барреліне 71,15 долларға жетті.

Мұнай бағасының өсуіне Парсы шығанағы аймағындағы қақтығыстың ушығуы әсер етіп отыр.

Сәрсенбі күні Йемендегі «Ансар Алла» қозғалысы (хуситтер) Сауд Арабиясындағы «Рас-Таннура» мұнай өңдеу зауыты мен Король Абдалла атындағы қаржы ауданына соққы жасағанын мәлімдеді.