Америкалық саясаткер мұсылмандардың Құрама Штаттарға кіруіне тыйым салуға шақырды. Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Бахрейн, БАӘ, Оман ынтымақтастық кеңесінің басқарушы көшбасшылары - Эр-Риядағы араб «алтылығы» саммиті осыған байланысты алаңдаушылықтарын білдірді.
Олардың бірлескен мәлімдемесінде босқындар, тұтастай мұсылмандарға қатысты қаскөйлік, нәсілшілдіктің артуына байланысты Араб мемлекеттері ынтымақтастығының кеңесі мұндай тәсілдерді сынға алатыны айтылды. Бұл мәлімдемені ПШАМЫК бас хатшысы Абдулатиф бин Рашид Әл Зайани жасады.